Шығармашылық топ |
Сабақтарға үштілділік элементтерін енгізу, білімді, тәрбиелі, табысты, жаһандық әлемде өмір сүруге, оқуға және жұмыс істеуге қабілетті дарынды білім алушының көптілді тұлғасын қалыптастыру.
Оқытушылардың шығармашылық тобы келесі міндеттерді шешу үшін жұмыс істейді:
● жалпы білім беретін және арнайы пән сабақтарында ағылшын тілін кезең-кезеңмен оқытуды қамтамасыз ететін формалар мен әдістерді жетілдіру;
● білім алушылардың негізгі құзыреттерін дамыту мақсатында терминологиялық сөздікті жасау және қолдану;
● колледжде көптілді білім беруді енгізу және дамыту үшін ғылыми-әдістемелік ресурстарды құру.
Білім алушылардың кәсіпкерлік және ғылыми
қызмет дағдыларын дамыту
«Зерттеуші»
шығармашылық тобы
Шығармашылық топтың жетекшісі К.С. Сулейменова
Құру мақсаты
Топты құрудың мақсаты білім алушылардың бойында ғылыми зерттеу және кәсіпкерлік қызмет дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқытушылардың шығармашылық ойлауына жәрдемдесу болып табылады.
|