Басты бет

Әлеуметтік серіктестер PDF Print Email

 

123Almagul Asilt 

 

Басшының өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары


 448477788
 

Павлодар технологиялық колледжінде кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу.

  

Павлодар технологиялық колледжінде кәсіптік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады Тәжірибе мақсаты -  білім алушылардың теориялық оқыту үрдісінде алған білімін тереңдету және жүйелендіру, таңдаған мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, келешекте еңбекке  баулу.

 

Павлодар технологиялық колледжінде білім алушылардың  өндірістік тәжірибесі қаланың 130 кәсіпорындарында ұйымдастырылған.Ұйымдарда өндірістік оқыту білім алушының мамандығына сәйкес өткізіледі. Кәсіптік тәжірибенің ұзақтығы мамандықтың оқу жоспарына сәйкес анықталып, жұмыс беруші ұйымдардың әлеуметтік серіктестік жөніндегі келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Колледжде тәжірибеден өтуге түгелдей келісімшарт жасалып, білім алушылар 100 пайыз жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Білім алушыларға  тәжірибе алдында жұмыс бағдарламасы, жеке жоспар дайындалып, оларға еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелері өткізіліп, ТҚ журналында тіркеледі.Білім алушыларды тәжірибеге жолдау  мерзімі көрсетілген бұйрық негізінде жүзеге асырылып, колледж тарапынан тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Тәжірибе өз қызметін өндірістің жаңа технологиясы бар, заманауи жабдықтарда жүзеге асыратын кәсіпорындарда жүргізіледі.Бұл  «Сүт» АҚ, Молком-Павлодар ЖШС, «Гофротара» ЖШС. - «Нефтехим ЛТД» ЖШС, «Кэмми» ЖШС өз жұмысында шетелдік өндіріс технологиясын қолданады.Кәсіпорындарда білім алушыларға тәжірибелі тәлімгерлер бекітіледі, оларды тәжірибеге алу туралы бұйрық шығарылады.Тәжірибеге жетекшілік ететін колледж оқытушылары тәжірибе барысын бақылайды, тәжірибе аяқталғаны туралы есеп беріп, ведомостар, күнделік толтырады, білім алушылар және кәсіпорынның пікірін жинақтайды.  

          5484512

 

615632635        5246531235

 

 

 

25216123

 

 

Дуалдық оқыту жүйесі оқушы уақытының 70-80%  өндірісте, тек 20-30% колледжде өтетінін көрсетеді.Сонымен қатар, оқыту кәсіпорынның нақты талаптарына неғұрылым жақын. 

Колледжде дуалды оқыту жүйесі  оқыту үрдісіне мамандарды даярлаудың ең тиімді үлгісі ретінде  енгізіле бастады. Колледжде дуалды оқыту жүйесін енгізу оқу үрдісінде студенттердің теориялық дайындығын және кәсіби дағдыларын біріге қолдануға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, аталған оқыту жүйесін енгізу теориялық материалды сапалы игеруге ықпал етеді,  тәжірибе барысында кәсіби білімі мен дағдылары қалыптасып, кеңейеді және тереңдейді. Дуалды оқыту жүйесі әлеуметтік серіктестіктің дамуына,  колледж және жұмыс  берушінің өзара әрекеттес механизмдерінің  қалыптасуына мүмкіндік береді. Дуалды оқытуды ұйымдастыру туралы келісімшарт келесі кәсіпорындармен жасалды: «Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері» мамандығы бойынша «Сүт» АҚ.

 

 

65258265

 

Оқытуды өткізу тәртібі келесідей белгіленді:                                                                                                                                                      

- 2 күн теориялық оқыту;                                                                                                                                                   

- 1 күн колледж базасында өндірістік оқыту;                                                                                                           

- аптасына 1 күн кәсіпорында тәжірибелік оқу.

 

 Кәсіпорында оқыту ӨО шебері және тәжірибе тәлімгерінің жетекшілігімен жүргізіледі.

 

 «Полимер өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша «Нефтехим ЛТД» ЖШС компаниясымен келісімшарт жасады.

51251645

Оқу үрдісінің кестесі және жұмыс жоспары кәсіпорынмен келісілген.Оқыту келесі тәртіппен жүргізіледі: колледжде 2 жұма теориялық оқыту, кәсіпорында 2 жұма өндірістік оқыту. Тәжірибелік оқыту кезеңінде 3 курс студенттері жұмысшы кәсібін алу үшін біліктілік емтихан тапсырады.                                                                                                                                           

1. экструдер машинисті;                                                                                                                                        

2. тоқыма шебері.                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 

«Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» мамандығы бойынша келесі кәсіпорындармен  дуалды оқыту туралы шарт жасалды:                                                                                                                   - «Ертіс» қонақ үй кешені;

  -  «Зимняя вишня» кафесі;                                                                                                                                           

  -  «Метрополь» мейрамханасы;                                                                                                                                

  -  «S-club» мейрамханасы;                                                                                                                                          

  - «Berlandia» мейрамханасы. 

 

 

 

6512312350

 

 

 

62681261526   562652

 

        

                                                                                                                                   

 

Өндірісте қолданатын кәсіптік дағдылары мен жаңа технологияларды меңгеруді жетілдіру мақсатында колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері ұзақ мерзімдік шарт жасасқан қаланың алдыңғы қатардағы кәсіпорындарында сынақтан өтіп, шеберлігін шыңдайды. Өзара серіктестік шеңберінде колледж, кәсіпорындар және Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы арасында  үшжақты Меморандумға қол қойылды.

 

51635

 

051650     6852639825

 

6835246525

 

Колледжде өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған: оқушылар 100 пайыз  тәжірибе өтетін орынмен қамтамасыз етілген, оқу-жоспарлау құжаттамасы бар, жүйелі бақылау жүргізіледі, нәтижесі жақсы, жұмысқа орналасу пайызы артуда. Басты мақсат -  бәсекелестікке қабілетті, білікті, еңбек нарығында сұранысқа ие  мамандарды дайындайтын кәсіптік оқытуды дамыту.


   84163541262      84165274123985

 

 

 

 

 

     
    © 2008 Павлодарский технологический колледж