Кітапхана тарихы |
![]() |
![]() |
![]() |
Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжі 70–ші жылдардан білім мекемесі ретінде белгілі. Кітапхана қызметі отандық адамгершілік және мәдени дәстүрлер негізінде өскелең ұрпақтың азаматтық ой-өрісін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Өз қызметінде ҚР «Білім туралы» заңын, колледждің біртұтас тәрбие жоспары және мәдени-көпшілік жұмысына сәйкес құрылған кітапханалық іс жөніндегі құжаттарды және жоспарды басшылыққа алады. Кітапхана колледж әкімшілігі бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: - оқушылар және педагогтарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, - оқу-тәрбие процесін және өзін-өзі жетілдіруді қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету, ақпаратты жинақтау, толықтыру және өңдеу, оларды пайдаланушыға жеткізу, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу. - оқушылардың эстетикалық, экологиялық мәдениетін және салауатты өмір салтына қызығушылығын қалыптастыру.
Колледж кітапханасының мақсаты:
Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде кітапхананың көрсетілетін қызметін жақсарту, оқушылар және оқытушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында қолайлы ортаны ұйымдастыру.
Кітапхананың негізгі көрсеткіштері:
Бүгінгі күнде кітапхананың жалпы кітап қоры – 56443 дана құрайды, оның ішінде әдістемелік
әдебиет - 39818 дана, мемлекеттік тілде – 12862 дана. Медиатекада оқырмандарға арналған
ақпараттық қор - 496, бұл сандық тасымалдауышта физика, химия, қазақ тілінен оқу құралдары.
2021-2022 оқу жылында кітапхана қоры арнайы пәндер бойынша мамандандырылған
Кітапхана қызмет көрсетті:
Оқырмандар: 525
Күндізгі оқу бөлімі: 352
Сырттай оқу бөлімі: 76
Колледж қызметкерлері: 97
Кітап беру және оқырмандардың келуі «Кітапхана жұмысы күнделігі» кітабында тіркеледі.
Келу – 13721
Кітап беру- 36125
Айналым- 64
Оқылымдық- 68
Қамтамасыз ету- 100
Анықтама әдебиеті қоры - әрбір кітапхананың жемісті жұмысының маңызды факторы. Оқу бағдарламасы басылымдарымен қатар, көркем әдебиет қоры да өте бай және сан алуан жанрларда жинақталған. Біздің кітапханамыз қандай? Оларды сақтаушы және жасаушы кімдер? Кітапхана сөрелері қандай кітаптармен толтырылған, кітапханада қандай іс-шаралар жүргізіледі, оқырмандар ойы, олардың шығармашылыққа әсері – осының барлығы біздің сайттың парақшасынан таба аласыздар.
Кітапхана мәлімдемесі: Кітап - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы.
Оқу залы
Кітапхананың кітап қоры
|