Басты бет

Бір ел – бір кітап PDF Print Email

 
45папв.jpg564итпиап.jpg

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

                     Төлен Әбдік

            «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.

Төлен Әбдік - қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген белгілі жазушы ретінде танымал.

Ол 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. Төлен Әбдік 1965 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.

Шығармалары 1964 жылдан бастап түрлі газет-журнал беттерінде жарияланған. Төлен Әбдіктің алғашқы шығармасы университет қабырғасында көңіліне ұнаған бойжеткенге байланысты жазылған. Замандастарының айтуынша, сол күнде жас та болса сол әңгімесі өз ортасында біраз талқыланып, жақсы бағаланған. Одан кейінгі жылдары «Көкжиек» (1969 жыл), «Күзгі жапырақ» (1971 ж.), «Ақиқат» (1974 ж.), «Айтылмаған ақиқат» (1979 ж.) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985 ж.), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987 ж.), «Парасат майданы» (2002 ж.) романдары жарық көрді. Сонымен қатар қаламгердің әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980 ж., 1981 ж.) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977 ж.) қазақ тіліне аударған. «Біз үшеу едік» драмасы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда сахналанған.

Жазушы шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайды. Модернизмнің жұрнақтары – қазақ әдебиетінде, соның ішінде Т.Әбдіктің шығармаларында қалай көрініс тапқандығы көрінеді.

Жазушыға 2002 жылы жазушыға отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлығы мен алтын медалі берілді, 2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

2013 жылы Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Түркияның Эскишехир қаласында өткен «Әдеби журналдар редакторларының VI құрылтайында» қазақ жазушысы Т.Әбдікке мәртебелі атақ салтанатты түрде табыс етілді. Қаламгердің шығармалары түбі бір туыс 13-тен астам елдің тілдеріне аударылып, кеңінен таралды. Сонымен қатар 2013 жылы көрнекті еңбегі үшін «Парасат», 2019 жылы ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Төлен Әбдіқұланың шығармашылығымен танысыңыз

колледж кітапханасына бара аласыз.

 


 

2021 жылдын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Технологиялық колледжде окү залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздіігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктін 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпы халықтық оқуға іріктелді.

Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.
Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» тізімін ұсынып отырмыз.

Поэзия
1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».
2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».
3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».
4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».
5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».
6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

Проза
1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».
2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».
3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».
4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».
5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».
6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

Драматургия
1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.
2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.
3.Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі».
4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.
5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.
6.Сая Қасымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті
1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».
2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».
3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».
4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».
5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».
6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Аударма
1.Юсупов Кеңес
Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».
2.Әдетов Бекболат
Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».
3.Ахметов Әділ
Агата Кристи «Ғайып болған миллион».
4.Меллат Төлеген
Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».
5.Мәзен Динара
Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».
6.Құрметұлы Амангелді
Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында окү залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

654е6ми456в3с.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж