Миссия, көзқарас және стратегия |
Миссия – нарық талаптарына сәйкес техникалық және технологиялық бейінде сапалы білімі бар, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.
Көзқарас- қоғам және жұмыс беруші талаптарына жауап беретін, жоғары технологиялық өнеркәсіп салалары қажеттілігі үшін кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бойынша Қазақстанда және халықаралық білім беру кеңістігінде танымал болу;
Стратегиялық міндеттер: Стратегиялық менеджмент жүйесін сапалы біліммен дамыта отырып, технологиялық колледж белгілейді: - Қазақстан Республикасының азық-түлік, қайта өңдеу, экономика, химиялық-технологиялық салалары үшін білікті мамандар даярлауда танымал болу; - тағам өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша базалық «Құзыретті орталық» болу; - колледждің білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жетілдіру; - аймақтың және республиканың еңбек нарығы сұранысын мейілінше толық қанағаттандыру мақсатында колледж түлектерінің кәсіптік білім деңгейі мен кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру;
- "Мәңгілік Ел" Жалпыұлттық патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениетінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға жәрдемдесу; - Павлодар қаласы мектептерінде бейінді сыныптарды кеңейту; - колледждің инженер-педагог қызметкерлерін кәсіби жетілдіруге және өзін-өзі танытуға, білім деңгейін арттыруға, шығармашылығын дамытуға оңтайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету. |