“ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ” ЖОБАСЫ |
24 қазан 2018 жылы Павлодар технологиялық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы шеңберінде әнші, домбырашы, композитор Алексей Лодочниковтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Ол тәуелсіздік жылдары үлкен жетістікке жетіп, елдің дамуына қосқан үлесі үшін 100 жаңа есім тізіміне енді. Бұл іс-шараны ұйымдастыру мақсаты – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ұлттың алтын қоры – Алексей Лодочников және оның шығармашылығымен танысу, сонымен қатар білім алушылардың белсенді өмір ұстанымына қызығушылық ояту болып табылады.
Колледж Алексейге алғыс хат табыстап, шығармашылық табыстар тіледі!
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Жанар түрлі ғылыми конференцияларға қатысады. Оның 120 жуық ғылыми мақалалары жарық көрген. Ғылыми еңбегін қорғағаннан кейін 72 публикациясы жарыққа шықса, 4 еңбегі Skopus базасына кіретін импакт-фактор журналға шыққан. 6 оқу-методикалық құралы оның ішінде біреуі ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сай жазылған оқулығы бар. Солардың екеуі бастауыш және орта кәсіби білім беру ісіне арналған оқулықтар әзірлеу бағытында өткен конкурста жеңімпаз атанған. Сондай-ақ тағы екі оқу-методикалық құралы Австрияның «East West» Association for Advances Studies and Higher Education GmbH» баспасында жарық көрген. 2015 жылы ғылыми зерттеу еңбегінің нәтижесінде «Девиантное поведение: теория и практика» атты монографиясы басылып шықты.
Балалар хирургі болу – үлкен мәртебе. Өйткені шыр етіп дүние есігін ашқан шаранаға операция жасау – медицина саласындағы ең күрделі бағыттардың бірі. Ол білім мен тәжірибені, жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Жас нәрестенің жүрек қағысы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Олар сәбидің бойындағы ақауды анықтап барып, тиісті емдеу шараларын қолға алады. Ерлан Рамазанов бүгінгі күнге дейін екі мыңдай сәбиге операция жасаған. Ақ халатты абзал жан аймақтағы балалар хирургиясының негізін қалаған маман деп айтуға толық негіз бар. Ерлан Амангелдіұлы санитарлы авиациямен аудандардағы ауруханаларға шығып, консультативті көмек беріп тұрады. 2014 жылы Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар институты ұйымдастырған хирургтардың сьезінде Ерлан Рамазанов «Қазақстан Республикасының ең үздік неонтолог хирургы» ретінде танылды. Ал, 2016 жылы республика көппрофильді балалар ауруханалары арасында Павлодар облыстық балалар ауруханасы І орын иеленді. Мұндай жетістік бірінші кезекте Ерлан Рамазанов сынды білікті, тәжірибелі маманның арқасы екені айтпаса да түсінікті. 2017 жылы медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ерлан Амангелдіұлын «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальімен марапаттады.
Қазақтың «алтын баласы» казір Америка тұрады. Білімді жігіт небір күрделі математикалық теңдеулердің шешімін оңай тауып, АҚШ оқымыстыларын аузына қаратқан. Қуат Есенов оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.
1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж» кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Музыкалық колледжде оқып жүрген уақытта Алексей өзінің оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі болады.
Максим түрлі республикалық форумдар мен конференциялардың қатысушысы, көптеген грамоталар мен алғыс хаттардың иегері. 2014 жылдың желтоқсанында ол «Халық Таспасы – Народная Лента» ұлттық-патриоттық жобасын жүзеге асырды. Өз қаражатына Қазақстан Республикасының азаматтарына 25 мыңнан астам халық лентасын сыйлады. 2017 жылдың мамыр айында ZhasProject көптілді білім беру жобасы аясында жүзеге асқан «TILKHAN ATA» жобасының авторы атанды. Оның басты міндеті – Қазақстан Республикасындағы «Тілдердің үшбірлігі» идеясын дамыту және дәріптеу болып табылады. |