Print
Written by   

 

        Павлодар  облысының білім беру басқармасы «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК

         08/01/2020 ж № KZ72LAA00017626 лицензиясы  

 

 

 

Біздің колледж – инновациялық оқытуды жақтаушы ұжым. Оқытушылар өз педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге ұмтылады, жаңа технологиялар меңгеріп, оқытудың қазіргі нысандары мен әдістерін енгізеді. Оқу-тәрбие процесін интерактивтік жабдықтау кеңінен қолданып келеді.
Жыл сайын біздің колледж дәстүрлерімен көркеюде. Үш жыл бойы оқушылар волонтерлер қозғалысына белсенді түрде қатысып, Балалар үйі мен түзету мектеп – интернатына көмек көрсетіп келеді.
Ал колледждің ең басты мақтанышы – түлектері. Соңғы он жылда оқу орнынан орта буындағы мамандардың екі жарым мыңнан астамы дайындалып шығарылды. Олар қазір аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеп жүр.

 

Колледжде бүгінгі күні

Барлығы –  443 білім алушы, олардың ішінде:

- күндізгі бөлімде – 425

сырттай оқу бөлімінде - 18

 

Барлығы 36 инженерлік-педагогикалық қызметкер

Жоғары санатты  - 11(31%)

Бірінші санатты – 7 (19%)

Екінші санатты – 7 (19%)