Сүт өнімдерін өндіру шебері Print

«Сүт өнімдерін өндіру шебері» кәсібі бойынша кәсіби қызмет объектілері сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар болып табылады.

Білуге тиіс:

- сүт және сүт өнімдерінің құрамы, физикалық - химиялық қасиеттері;

- сүт және сүт өнімдерін өндіру технологиясы;

- шикізат пен дайын өнім сапасына қойылатын талаптар;

- сүт және бактериялық және физикалық-химиялық сүт ақаулары, олардың алдын алу шаралары және оларды жою тәсілдері;

- жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу принципі және оған қызмет көрсету ережелері;

- шикізаттың, негізгі және қосалқы материалдардың, химикаттардың, ыдыстардың жол берілетін шекті шығындары мен шығысының нормалары;

- сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша есеп пен есептіліктің технологиялық журналдарын жүргізу қағидалары;

- жуу және дезинфекциялау ерітінділерінің қолданылуы және оларды дайындау қағидалары;

- сүт және сүт өнімдері биохимиясының негіздері;

- микробиология, санитария және гигиена негіздері;

- технологиялық және бактериологиялық бақылау, есепке алу және есептілік негіздері;

- қолданыстағы стандарттардың талаптары және өндірілетін өнімдердің техникалық шарттары;

- қаймағы алынбаған, ашымалы сүт өнімдерін өндірудің технологиялық процестері;

- өнімді әзірлеу кезінде ақаудың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;

- еңбек, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.

 

 

 

 

1у58ы4к65.jpg5пр4тпи54ортит.jpg36а54нр64лб5т.jpg154про5рпо.jpg

 

Білу керек:

- келіп түсетін шикізаттың (сүт, кілегей, май және т. б.) есебін жүргізу

- сүт, ашымалы диеталық сүт өнімдері, сүзбе және сүзбе өнімдері, қаймақ, май, ірімшік және басқа да өнімдерді өндірудің технологиялық процесін жүргізу;

- шикізатты өндіріс түрлері бойынша сапасына қарай бөлу;

- сүтті қалыпқа келтіру бойынша есептерді орындау;

- диеталық өнімді өндіру кезінде ашыту және салқындату процесінің температуралық режимін реттеу және зертханалық талдаулар бойынша оның жетілу дайындығын анықтау;

- нормативтік және технологиялық құжаттамаға сәйкес технологиялық процеске қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;

- өнімді орау және ыдысқа салу сапасын бақылау;

- дайын сүт өнімдерінің сапасын бағалау;

- ақау себептерін жою бойынша іс-шараларды әзірлеу;

- сүт өнімдерін өндіру бойынша өндірістік - технологиялық есепті және есептілікті жүргізу;

- технологиялық жабдықты жуу сапасын бақылау, оны жұмысқа және өндірістің санитариялық жағдайға дайындау;

- өнім сапасын басқарудың ең озық жүйелерін, жаңа және қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттар мен басқа да нормативтер мен нұсқаулықтарды бақылау әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады.

- ашымалы сүт өнімдерінің әр түрін өндіру үшін бактериялық ұйытқылардың сақталуына бақылау жүргізу;

- температуралық режимді және сүтті ашыту процесін реттеу;